26 қыр, 2016 сағат 06:50

Маңғыстауда "Мангышлак" деген жер бар ма?

                                        
                                                 

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» басқарма төрағасы

                                                                           Қанат Қалиұлы Алпысбаев мырзаға    

   

                              МАҢҒЫСТАУДА «МАНГЫШЛАК» ДЕГЕН ЖЕР БАР МА?

        Маңғыстау облысы, Маңғыстау кентіндегі «Маңғыстау» Темір жол станциясының поезд тоқтайтын алаңында тұрмын. Алдыма келіп «АСТАНА – МАҢҒЫСТАУ» жолаушы поезы келіп тоқтады. Жолаушы вагонының қақ ортасында «М А Ң Ғ Ы С Т А У» деген үлкен әріптермен жазылған әдемі жазу вагонға сән берумен қатар осы позд атауын айқындап-ақ тұр. Ішім жылып сала берді.

        Алайда вагондар қарсы алдыма келіп тоқтағанда, көтеріңкі көңілім су сепкендей басылды. Себебі, сол вагондардың сыртында «МАҢҒЫСТАУ» деген атаудан бөлек «Мангышлак - Астана» және тағы бір жерінде «Манкишлак» деп өзге елдің тілінде жазылған әр түрлі жазбалар болды.

        Облысымыздың атауы Маңғыстау, сол поездар келіп тоқтайтын елді мекеннің атауы Маңғыстау, поездың атауы Маңғыстау.  Сонда мына өзге елдің тіліндегі «Кишлак» сөзі бұл поезда «не бітіріп тұр?» деген сұрақ өз-туындап тұрған жоқ па?

        Тиісті шарасын алуыңызды өтінемін!

        Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау