20 ақп, 2025 сағат 15:55

Маңғыстауда жүргізушілерді дрондар бақылайтын болады


Фото: press.lv


Маңғыстау облысында жолдағы құқық бұзушылықтарды тіркеу үшін дрондар іске қосылды, - деп хабарлайды Ult.kz өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полиция департаменті республикалық тасжолдар мен өңірдегі жолдарда жол қозғалысын бақылау үшін дрондарды қолдану басталғанын мәлімдеді.


"Ұшқышсыз ұшу аппараттары жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, басып озу ережелерін бұзу және басқа да қауіпті маневрлер сияқты жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркейді. Бұл жол қауіпсіздігін арттырып, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді", – деп хабарлады полиция.


Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.