© Sputnik / Магомед Алиев
Полицейлер Маңғыстау облысында бекіре және уылдырықтың заңсыз айналымының жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция бекіре тұқымдас балық пен қара уылдырықты заңсыз саудалады деген күдікпен бірнеше жергілікті тұрғынды ұстады.
Тінту кезінде күдіктілердің бірінен жалпы салмағы 88 келі болатын жиырма бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Екінші күдіктіден қара уылдырық табылған. Анықталған уылдырықтың салмағы 860 граммды құрады.
"Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асады. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктердің немесе жануарлардың түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.