Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шаңды дауыл салдарынан «Ақтау - Бейнеу» тасжолында көліктерді көру мүмкіндігі нашарлаған.
Бүгін әлеуметтік желіде жолаушылар түсірген бейнетаспа жарияланды. Видеоны түсірген ер адамның хабарлауынша, жолда 7 метрден алыс жерді көру мүмкін емес.
Ал бір күн бұрын төтенше жағдайлар департаменті 20 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жететінін хабарлаған еді.