Фото: Pexels.com
2022-2023 жылдары казиноны компьютерлік зал ретінде көрсетіп келген қылмыстық топ ұсталды. Қылмыскерлер бәске тігілген ақшаны банк аударымы арқылы қабылдап, адамдарды арнайы платформада тіркеп, ойынға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме берген, деп хабарлайды Ult.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асқан. Оның 36 млн теңгесіне «Toyota Land Cruiser» және «Mersedes-Benz 320» көліктері сатып алынған.
Сот үкімімен олар Қылмыстық кодекстің заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру және ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару бойынша кінәлі деп танылып, 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.