19 нау, 2024 сағат 11:26

Маңғыстауда газ құбырынан өрт шығып, жарылыс болды

Фото: Ашық дереккөз

 

Маңғыстау облысында газ құбыры желісінде өрт шығып, жарылыс болды. Оқыс оқиға аудан аумағында «ИнтергазОрталықАзия» АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырында болды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


«18 наурыз күні түнгі сағат 23:00 минут шамасында Бейнеу ауылындағы «ИнтергазОрталықАзия» АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт шығып, жарылыс болды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр», - деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.