#
#
Бейсенбі 03/12/2020

Маңғыстауда екінші рет той жасаған мейрамханалар мүлдем жабылуы мүмкін

  • 27.10.2020
  • 0
  • 174

Алдағы уақытта карантин талаптарын бұзып, бір рет айыппұл төлесе де, тағы да көпшілікті жинаған кәсіпкерлер соттың шешімімен мейрамхананы мүлде жабуы мүмкін, деп хабарлайды Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінін басшысы Ғазиз Надуевтың мәліметінше, ведомствоаралық комиссия отырысында карантин талаптарын бұзған тойхана, кафе иелеріне қатысты заң жобасын әзірлеу туралы бастама көтерілген. 

Оған себеп - кей өңірлерде отбасылық мерекелер ұйымдастырып әкімшілік шараға тартылған кәсіпкерлер тағы да карантин талаптарын сақтамай бірнеше рет той жасау деректері тіркелген. 

Маңғыстау облысының бас санитар дәрігерінің айтуынша, өңірде соңғы 20 күнде 27 карантин талабын бұзу дерегі анықталды. 

«Рейд барысында 108 нысанда заңбұзушылық анықталып, 57 (12 жеке кәсіпкер, 44 жеке тұлға, 1 заңды тұлға) әкімшілік хаттама (5 млн 972 700 теңге) толтырылды. Алдағы уақытта карантин талаптарын бұзып, бір рет айыппұл төлесе де, тағы да көпшілікті жинаған кәсіпкерлер соттың шешімімен мейрамхананы мүлде жабуы мүмкін. Ведомствоаралық комиссия отырысында карантин талаптарын бұзған тойхана, кафе иелеріне қатысты заң жобасын әзірлеу туралы бастама көтерілді. Оған себеп, кей өңірлерде отбасылық мерекелер ұйымдастырыпәкімшілік шараға тартылған кәсіпкерлер тағы да карантин талаптарын сақтамай бірнеше рет той жасау деректері тіркелген», - деді ол. 

Ал, 1 тамыздан бастап коронавирус пневмониясымен ауырған 230 науқас тіркелді. Соның ішінде 81-і - жасы 60-тан асқан тұрғындар. 

«230 науқастың ішінде 81-і - 60-тан асқан адамдар. Бұл – басқа жас категориялармен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш. Оның барлығы қазіргі таңда жасырын түрде той, садақа ұйымдастырып, оған барудың салдарынан туындап отыр. Өйткені отбасылық шараларға көбіне-көп үлкен жастағы адамдар қатысады», - деді Ғ. Надуев. 

6 қазаннан бастап, Өзбекстан Республикасымен шекарада орналасқан «Тәжен» автомобиль өткізу пункті арқылы 3401 автокөлік және жаяу жолаушылар кірді. Оның ішінде: транзиттік автокөліктер - 3130, Қазақстан Республикасына 216 автокөлік, 52 жолаушы (20 жолаушы ПТР анализсіз, ал 32 жолаушы - ПТР анализімен), 4 транзиттік жолаушы өтті. 

Тексерілген 20 азаматтың ішінен 2 оң нәтиже анықталды. Екеуі де шағымсыз түрімен анықталуына байланысты үй карантиніне алынды. 

Ақтау халықаралық әуежайы арқылы шет елдерден 743 жолаушы ұшып келсе, оның ішінде 64 жолаушы ПТР анализі болмауына байланысты 2 күнге стационарға жатқызылып, коронавирус инфекциясына ПТР тест тапсырды. 

Тест қорытындысы бойынша олардың вирус жұқтырмағаны белгілі болды.

Теги: ресторан, мейрамхана, карантин, коронавирус, маңғыстау

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар