#
#
Жексенбі 24/01/2021

Маңғыстау: Жедел жәрдем көліктері 100 пайыз жаңартылды

  • 23.11.2020
  • 0
  • 178

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов журналистерге арналған баспасөз мәслхатында коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына белсенді дайындық барысында аймақтағы медициналық ұйымдарда материалдық-техникалық базалардың барынша жасақталғанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Пандемияның екінші толқынына дайындық барысында соңғы үлгідегі 200 төсек орынмен жабдықталған модульдік стационар ашылды. Қосымша 11 инфекциялық стационар толығымен жабдықталып, резервте дайын тұр. Онда 2 452 инфекциялық және 131 реанимация төсек-орыны бар. 7 компьютерлік және 4 магниттік-резонансты томограф алынды. 2 жылжымалы медициналық кешен, 1 көшпелі зертхана бар. 

«Медицина ұйымдары 260 ӨЖЖ аппаратымен және 638 оттегі концентраторымен толықтай қамтылды. Ең бастысы облыстағы жедел-жәрдем авто паркі 100 пайыз жаңарып, 85 санитарлық көлікпен толықты. Қазір Маңғыстауда жағдай тұрақты. «Жасыл» аймақтамыз. Індет жұқтырушылардың санын арттырмай, жағдайды барынша бақылауда ұстап отырмыз. Ол үшін облыс көлемінде арнайы мониторинг топтары құрылып, тамыз айынан бері 800-ге жуық рейд шаралары ұйымдастырылды. Осындай қатаң карантин шараларының арқасында өңірдегі жағдай бақылауда», - деді облыс әкімі Трұмов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар