26 шіл, 2021 сағат 00:35

Маңғыстау облысындағы әкім сайлауында қанша адам дауыс берді?


Маңғыстау облысында сайлаушылардың 82,4% дауыс берді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сайлаушылар тізіміне 14144 сайлаушы енгізілген. Аудандық сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес сағат 20.00-дегі (жергілікті уақыт бойынша) жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 82,4% алды. 

Олардың ішінде Бейнеу ауданы бойынша:

Сарға ауылы – 71,1 %, Есет ауылы – 97,2 %

Төлеп ауылы – 98 %, Сам а.о. – 97,8 %

Қарақия ауданы бойынша Құланды а.о. – 84,7 %.Маңғыстау ауданы бойынша Тұщыкұдык а.о. – 94 %,Қызан ауылы – 91,8 %, Жармыш ауылы – 87,2 %, Онды а.о. – 62,5 % сайлаушы дауыс берген», - деді ол. 

Түпқараған ауданы бойынша Ақшұқыр ауылы – 78,6 % сайлаушы өз таңдауын жасаған.