24 нау, 2024 сағат 13:11

Маңғыстау облысында жоғалған үш бала табылды

Фото: Ашық дереккөз


Маңғыстау облысында 23 наурызда жоғалған үш бала табылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.


"Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, үйге оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Ұлдар 2012, 2014 және 2018 жылы туған", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.


Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 8 адамы және 3 техника жұмылдырылды.


24 наурыз сағат 03-40-та жоғалған балалар көрші үйдің аумағындағы шаруашылық құрылысынан табылды. Медициналық көмек қажет болмады.