#
#
Сенбі 23/01/2021

Маңғыстау облысында мәдениет үйіне Фариза Оңғарсынованың есімі берілді

  • 30.11.2020
  • 0
  • 265

ҚР Үкімет басшысы Асқар Маминнің Қаулысымен Маңғыстау облысында екі нысанға қоғам қайраткерлерінің есімдері берілді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Премьер-Министрдің Қаулысымен:

- Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Маңғыстау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шоқыр Бөлтекұлының есімі берілді.

- Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мұнайлы аудандық орталық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйі» МКҚК болып қайта аталды.

Құжат алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар