15 шіл, 2021 сағат 19:18

Маңғыстау облысында бүгіннен бастап карантин шаралары күшейтілді


Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы 2021 жылдың 15 шілдедегі №14 қаулысы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров жаңа қаулыға қатысты түсініктеме берді. 

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары;

жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі.

Демалыс және мереке күндері қызметіне тыйым салынсын: 

қоғамдық көліктің;

«Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;

«Ashyq» жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;

«Ashyq» жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, көрмелердің;

«Ashyq» жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің; 

«Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);

білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;

«Ashyq» жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорттардың.

Жұмыс күндері қызметтері шектелсін:

20-00 сағатқа дейін «Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің; 

ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан сағат 18-00-ге дейін; 

«Ashyq» жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, фудкорттар – сағат 20-00 дейін, «Ashyq» жүйесіне қатыспайтындар- сағат 18-00-ге дейін.