#
#
Бейсенбі 13/08/2020

Маңғыстау облысында бокстан 3 бапкер коронавирустан қайтыс болды

  • 12.07.2020
  • 0
  • 255

Маңғыстау облысының бокс федерациясы Қазақстанның еңбек сіңірген үш бапкері коронавирустан қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өкінішке қарай, коронавирус спорт қоғамын да айналып өтпеді. Маңғыстау облысының федерациясындағы орны толмас қаза туралы қайғыра хабарлаймыз. Талантты әрі сауатты бапкерлер өмірден өтті – жоғары ұлттық санаттағы судья, бокстан КСРО-ның спорт шеберлігіне кандидат Берік Ермағанбетов, бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, Жаңаөзен құрамасының аға жаттықтырушысы Жеңіс Жарылғапов және Жаңаөзен бокс мектебінің аға жаттықтырушысы Ақылбек Теміров», - делінген Маңғыстау облыстық бокс федерациясының ақпаратында.

Атап өтілгендей, аталған бапкерлер өңірде бокстың дамуына үлкен үлес қосты.

«Б.Ермағанбетов көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы болған. Ж.Жарылғапов еңбек жолында Қазақстан чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиелеп шығарды. А.Теміров бокстан жаттықтырушы болып 30 жылдан астам еңбек етті. Оның ізбасарлары - Қазақстан чемпиондары.

Маңғыстау облыстың бокс федерациясы бапкерлердің туғандары мен жақындарына, оқушыларына шын жүректен көңіл айтады. Олар мәңгі жадымызда сақталады», - деді федерациядан.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар