02 шіл, 2021 сағат 13:25

Маңғыстау облысында автокөлік теңізге құлап кетті


Маңғыстау облысында көлік теңізге құлап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода таспада көлік жартылай суда тұр. Дегенмен көліктің жанында жүргізуші мен жолаушылар жоқ. 

«Бұл оқиға жайында арыз берілген жоқ. Полиция департаментіне немесе кезекші пультіне қоңырау түспеді. Маңғыстау облыстық ауруханасына да түскендер жоқ. Көлік иесі өз күшімен көлікті теңізден шығарып алған», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқиға Маңғыстау облысындағы «Қаражанбас» кен орнына жақын маңда болған.