14 шіл, 2020 сағат 08:41

Мақтааралдағы әрбір үйдің құрылысы онлайн бақылауда болады

Жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданында болған Өмірзақ Шөкеев осындағы құрылыс жұмыстарын жылдамдату бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Су тасқыны болған аймақта мобильді топ құрылып, әр үйдің құрылыс барысы арнайы орталық тарапынан онлайн бақылауға алынатын болады. Бұл туындаған мәселелерді дер кезінде шешуге ықпал жасайды деп күтілуде. Сонымен қатар, құрылыс жүріп жатқан елді мекендер бірнеше секторға бөлініп, жауаптылар бекітілген. Келес ауданы әкімдігі Фирдауси ауылы, Жетісай ауданы Өргебас ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі жылдам жүргізілуіне жауапты болып отыр.

Айта кетейік, аталған ауданда су шайып кеткен үш елді мекен тұрғындарына Мырзакент кентінен жаңадан баспаналар салынуда. 500-ден аса тұрғын үйдің құрылысы тамыз айында аяқталып, тапсырылады деп жоспарланған. Ал, екі елді мекеннің тұрғындары өз үйлерін бұзып,орнына жаңасын салып жатыр. Әрбір үйдің құрылысы үшін мемлекеттен материалдық көмек бөлініп отыр.