27 ақп, 2018 сағат 08:06

Мақтаарал мен Сарыағаш бес ауданға бөлінеді

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал мен Сарыағаш аудандары бес ауданға бөлінеді. Дәлірек айтсақ, Мақтарал ауданын үш ауданға, Сарыағаш ауданын екі ауданға бөліп, бұрынғы аудан орталықтарын қайта қалпына келтіру мәселесін бүгін Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері де бірауыздан бекітті. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Кезектен тыс шақырылған жиында облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс және Асықата, Келес, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарының шекараларын келісу мәселелері қаралды. Бұл өзгерістерді Әділет департаментінде тіркеп, заңдастыру үшін қоғамдық кеңес мүшелеріне Президент қаулысы мен негізді ұсыныстар таныстырылды.
Бұдан бұрын тарихи маңызы басым мәселе облыстық мәслихаттың сессиясында да қаралған болатын. Кеңес мүшелері өз сауалдарын да нақтылауға тырысты. Бұдан алдын, Шымкент қаласына көрші аудандардан елдімекендерді қосу нәтижесінде туындаған құжаттай және азаматтарды тіркеу проблемалары орын алмаса деген тілек ұсыныстарын жеткізді.