18 жел, 2024 сағат 16:20

Мақпал Жүнісова өмірден өткен продюсер Мұрат Ерғалиевті есіне алды


Фото: Facebook.com

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Мақпал Жүнісова өмірден өткен продюсер Мұрат Ерғалиевті еске алып, оған арнап жазба жариялады. Әнші Instagram парақшасында белгілі продюсер туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті. Ол Мұрат Ерғалиевтің дауысын сағынып, оның анасының қамқорлығы туралы ерекше ықыласпен жазды. 

Жүнісованың айтуынша, ақшасы болмаған кезде продюсердің анасы оны тегін тамақтандырған. 


"Марқұм Мұрат Ерғалиевтің дауысын сағынып қалыппын, марқұм анасы радиода буфетте қызмет еткен еді, 5-сыныптан бастап Алматыдағы радиоға жиі баратынмын, "Туған жер", "Анажан", "Папажан", "Өнерге қанат қаққандар" деген хабарға да Нұрахмет Жорабаев аға шақыратын, сонда қалтамда ақша жоқ, қарным ашып кеткенде буфетке барып, Мұрат Ерғалиевтің анасына ән айтып беретінмін, анасы пирожкимен шәйға тойдырып жіберетін. Топырақтары торқа болсын. Осы "Душа артиста" документальный киноны марқұм Мұрат Ерғалиев 1992-1995 аралығында түсірген еді", – деп жазды әнші. 



Мұрат Ерғалиев - "Азия дауысы", "Жас қанат" ірі жобаларының бас продюсері. Атақты "Жас қанат" мектебінен Медеу Арынбаев, Нұрлан Абдуллин, Жанар Дұғалова, Маржан Арапбаев сияқты әншілер, тіпті бүкіл әлемді өзіне қаратқан Димаш Құдайберген де түлеп ұшқан болатын. Жарық жұлдыздарды өз қолымен дайындаған Мұрат Ерғалиев телевизия саласына 16 жасында келіп, өмірінің соңына дейін осы салада қызмет етті. Әйгілі продюсер 2020 жылы коронавирустан қайтыс болды.