Магеррам Магеррамов пен Гауһар Нұғманова Мәжіліс депутаттары болады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан Халық партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"VII сайланған Парламент Мәжілісінің Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары Файзолла Қаменұлы Қаменов және Сергей Николаевич Решетниковтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты 2022 жылы 10 наурызда Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Халық партиясынан партиялық тізімге енгізілген кандидаттар Гауһар Көкенқызы Нұғыманова мен Магеррамов Магеррам Мамедовичке Халық партиясы фракциясының депутаттарының бос мандаттарын беру үшін құжаттар жіберілді", - делінген хабарламада.
Магеррам Магеррамов 2016 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс депутаты болды.