23 қыр, 2022 сағат 16:19

Лукашенко Беларусьте мобилизация жүргізу туралы сұраққа жауап берді


Беларусь президенті Александр Лукашенко елде мобилизация шараларын жүргізбейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Белта" агенттігіне сілтеме жасап.

Лукашенконың cөзінше, оппоненттер "Беларусь те Ресейге ұқсас мобилизация жасауы мүмкін" деген тезисті дамытып жатыр.

Бұл ретте Лукашенко ел ықтимал қауіптерге, лаңкестік жасау әрекеттеріне міндетті түрде жауап беретінін атап өтті. Оның айтуынша, "адамдар өз міндеттерін біліп, қажетті әскери дағдыларды меңгеруі үшін" түрлі оқу-жаттығулар жүйелі түрде, соның ішінде халық жасақтарымен өткізіліп тұрады.

Бұған қоса, ол Беларусь соғысқа араласпайды деп қосты.

"Біз үйімізді, жерімізді қорғау керек болғанда ғана соғысамыз", - деді ол.

Александр Лукашенко әлемде ақпараттық соғыс басталып, жалғасып жатқанын, ақпараттық-психологиялық операциялар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Бұл жағдайда күтуге болмайды, жауап беру керек", дейді ел президенті.