28 қар, 2023 сағат 13:22

ЛРТ-ны қанша адам салып жатыр - министр құрылыс барысын баяндады

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Көлік министрі Марат Қарабаев Астанадағы ЛРТ-ның құрылысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Биыл ЛРТ-ның құрылысына тағы 52 миллиард теңге бөлінген болатын. Осы ақшаға бағаналарды орнатты. Бүгінде осы жұмыс 96 пайызға аяқталды.

“Жалпы, тіректердің өзін орнату жұмысы шамамен 86 пайызға орындалды. Ал конструкциялар 82 пайызға жиналды. Бұл - биыл атқарылған шаралар ”, - деді Қарабаев Үкіметте өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, келесі жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруға тағы 45 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр.

“Қазіргі кезде құрылыс алаңында 1,5 мың адам жұмыс істеп жатыр. Егер жұмыс көлемі көбейсе, ал команда құрылыс жұмыстарын жылдамдатса, онда қосымша бөлінетін қаржыны 150 миллиард теңгеге арттыруды сұраймыз. Бірақ құрылыстың аяқталу уақыты 2025 жылға белгіленіп отыр”, - деп атап көрсетті Қарабаев.