14 там, 2016 сағат 11:59

Ломбардқа шабуыл жасаған қарақшы ұсталды

Бүгін Астанада Кенесары-Янушкевич көшелерінің қиылысындағы ломбардқа шабуыл жасап, 2 қызметкерді тұтқынға алған қарақшы қолға түсті, деп хабарлайды BNews.kz.

Тұтқынға алынған ломбард қызметкерлері дін аман. Қарақшыны ұстау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қарақшы 2 тұтқынның біреуін босатқан еді. Құзырлы орган қызметкерлері онымен келіссөздер жүргізіп, екінші тұтқынды да босатып алды.