Жексенбіде Лион қаласындағы (Францияның орталық бөлігі) Вэз орамының тұрғындары Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған әуе бомбасын залалсыздандыру операциясы салдарынан қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
France 3 мемлекеттік телеарнасының аймақтық бөлімшесінің хабарлауынша, салмағы 250 кг бомба студенттер жатақханасының құрылысы кезінде табылған. Саперлер жарылғыш алынып тасталғаннан кейін де бомбаның тасымалдау барысында қауіпті болуы мүмкін екендігін мәлімдеді. Осыған байланысты қала билігі уақытша тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдаған.
Бірнеше метро желісі және автобустық бағдарлардағы қозғалыс тоқтатылды. Жақын маңайдағы темір жолы стансасы мен теміржол депосы жабылды.
Соғыс кезінде неміс әскерлері қоршауға алған Лион қаласы 1944 жылдың 26 мамырында американдық авиацияның жаппай бомбалауын бастан кешірді. Сол күні қалаға 1,5 кг әуе бомбасы тасталған. Салдарынан 700 лиондық қаза тапты.