24 шіл, 2024 сағат 16:46

Лифтте кішкентай баланы ұрған ер адам ұсталды


Лифтте кішкентай баланы ұрған ер адам ұсталды, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Әлеуметтік желіде ер адам кішкентай баланы лифті ішінде ұрып және теуіп жатқан видеосын "Немолчи" ұйымы жариялаған болатын.

Оқиға 23 шілде күні сағат 16.36-да болды делінген. Осы жағдайға байланысты Алматы полиция депортаменті іс қозғауын өтінген.

ЛИФТТЕ БАЛАЛАРДЫ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН ЕР АДАМНЫҢ ВИДЕОСЫ ЖЕЛІДЕ ЖАРИЯЛАНДЫ

Депортамент бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтып отыр. 

"Ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Оның әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", – делінген хабарламада.