13 жел, 2021 сағат 16:26

"Қызымның аяғы жұлынды". БҚО-да жол апатын жасаған полицей қамауға алынды


Сот Батыс Қазақстан облысында мас күйде жол-көлік оқиғасын жасаған полиция қызметкерін қамауға алуға санкция берді. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сот санкциясы бойынша, күдікті екі айға қамауға алынды. Ол оқиға болған күннен бастап қамауда. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.

Жол-көлік оқиғасына ұшыраған екінші көлік иесі полицейдің ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Суретте: Төрехан Бекжанов қызымен

"Оқиға салдарынан анам қайтыс болды. Жеті айлық қызының аяғы жұлынды. Ауруханада жатырмыз. Жол апатынан әйелім де зардап шекті. Менің отбасым кінәліге ең ауыр жаза тағайындалуын талап етеді" – деді Төрехан Бекжанов.

Айта кетейік, 1 желтоқсанда кешке Орал-Тасқала тасжолында екі көлік бетпе-бет соқтығысқан болатын. Hyundai Accent көлігі тізгінінде БҚО Теректі ауданына қарасты Полиция бөлімі бастығының орынбасары отырған. Жүргізуші мас болған. Полицей дереу қамауға алынды.