13 қаң, 2025 сағат 15:07

Қызылордада жыныстық құлдықта болған қыздың авдокаты: "Сотталушылардың арасында тек біреуі ғана кешірім сұрады"


Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Адвокат Гүлайхан Тұрсұманова Қызылордада жыныстық құлдықта болған жасөспірім қыздың ісіне қатысты сұхбат берді, деп хабарлайды Ult.kz

Гүлайхан Тұрсұмановаға өткен жылдың тамыз айында «Не молчи KZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарласып, оқиғаны баяндап берген, содай кейін адвокат қыздың өзімен жолығу үшін оның үйіне барған. 

"Біз іске қатысып бастағанымызда негізгі 3 айыпталушыға үйқамақ жазасы тағайныдалған еді. Бірақ біз қаулыға апеллияциялық шағым түсіріп, оларды қаматтық. Қазіргі таңда осы іс бойынша 5 үкім шықты. Яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 309 бабы бойынша екі үкім, 299 бабы бойынша бір үкім, 134 бабы бойынша бір үкім және 194 бір үкім шығып, заңдық күшіне енді", - дейді ол. 


Адвокат қалған 8 айыпталушыға қатысты  ісі прокуратураға жолданғанын айтып отыр. 

"Прокуратурадан кейін ол сотқа жолданады. Қаңтар айы немесе ақпан айының басында сот отырыстары басталады. Айыпталушы саны — 13 адам. Оның ішінде бесеуі кәмелет жасына толмаған", - дейді Гүлайхан Турсуманова. 


Адвокат жәбірленушімен жиі байланыста екенін айтты.  

"Күні кеше олар ауруханаға жатып, ем қабылдап жатыр", -деді Гүлайхан Тұрсұманова.


Адвокаттың сөзінше сотталушылардың арасында тек біреуі ғана өзінің кінәсін толық мойындаған, қалғандары кешірім сұрамады.