03 шіл, 2018 сағат 19:13

Қызылордада туған балаға Нұрпрезидент есімі берілді

Қызылордада туған балаға Нұрпрезидент есімі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурыз айында облыстық перинаталдық орталықта Нұрпрезидент есімді бала дүниеге келген. Туу туралы куәліктің суреті әлеуметтік желілерде таралып жатыр.


Бұл мәліметті Қызылорданың азаматтық жағдай актілері тіркеу бөлімінің өкілдері растады.

"Иә, расында да Нұрпрезидент есімді бала дүниеге келді. Отбасындағы екінші бала. Ата-анасы Қызылорда облысында тұрады. Ата-анасы 26 жаста", - деді Қызылорданың азаматтық жағдай актілері тіркеу бөліміндегілер.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері мұндай сирек есімнің алғаш рет тіркелгенін айтып өтті.