27 нау, 2018 сағат 15:38

Қызылордада тапа-тал түсте атыс болды (Видео)

Қызылордада тапа-тал түсте атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі бойында орын алған бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Сезіктілер ұсталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Видеода ер адамдардың атысқаны, кейін жерде жатқан адамды бір топ полицейдің көтеріп жатқаны түсірілген.