Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қызылорда облысында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған соңғы 3 адам туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ауру жұқтырғандардың үшеуі де Сырдария ауданында тіркелді. Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Аймақта COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 69 адам анықталды, Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 35, Сырдария ауданында – 4, Арал ауданында – 1 адам .