Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған алғашқы науқас жазылып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жөнінде Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының Facebook парақшасынан мәлім болды.
Аталған пациент, Қызылорда қаласында тұрады. Ол 1 наурызда Оңтүстік Кореядан келіп, 14 күндік карантиндік бақылауда болған. Карантин кезінде ешқандай өзгеріс болмаған. Одан кейін үй жағдайындағы бақылауға алынған.
«Ал 26 наурызда аймақтық емханаға дене қызуымен шағымданды. Тексеру барысында аталған инфекция белгілері байқалып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастан COVID-19 вирусының зертханалық талдамасы расталып, клиникалық хаттамаға сәйкес ем жүргізілді. Бүгін, 2020 жылдың 13 наурызында науқастан екі рет қайталама зертханалық талдамалары алынды. Нәтижесінде оның организмінен вирус белгілері табылған жоқ, қазір оның жағдайы қанағаттанарлық. Соған байланысты ол үйіне шығарылды. Науқас алдағы кезеңде 14 күн аймақтық емхананың бақылауына алынады», - деп мәлім етті ведомстводан.
Қазір еліміз бойынша коронавирус инфекциясын жазылып шыққан 110 адам бар.