29 мау, 2021 сағат 13:05

Қызылордада көпқабатты үй өртеніп, 60 жастағы тұрғын уланып қалды


Қызылордада көп қабатты үйде болған өрттен уланған 60 жастағы тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға 28 маусымда жергілікті уақыт 14.44-те Қызылорда қаласындағы «Астана» шағын ауданындағы тұрғын үйдің 5-қабатында өрт шыққан. Қызыл жалынның 4-5-қабаттардағы өзге де пәтерлерге таралу қаупі туындады. 

«Өрт сағат 15.16-те сөндірілді. Көппәтерлі үйден 26 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың ішінде 14 бала. Улы газға уланып қалған 1961 жылғы тұрғын қалалық ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.