Қызылорда облысында қоқыс контейнері жанынан шала туған баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға бүгін, 18 қазан күні Қармақшы ауданына қарасты Төретам кенті Жанқожа батыр көшесіндегі № 27 көпқабатты үйдің ауласында орналасқан күл-қоқыс жинайтын контейнер маңында тіркелді.
«Сол аумақтан дала сыпыратын жұмысшы қоқыс жинау барысында шала туылған бала түсік денесін көрген. Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірінғай тізіліміне тіркелді. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінен.