28 там, 2024 сағат 11:25

Қызылордада Қазақ мұнайының 125 жылдығы аталып өтті


Қызылордада Қазақ мұнайының 125 жылдығы және мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі салтанатты түрде атап өтілді. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, сала ардагерлері мен қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мұнайшыларды құттықтап, олардың Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өтті. Соңғы жылдары аймаққа тартылған инвестиция көлемі 296,1 млрд теңгеге жетті, оның 75,6 пайызы жеке сектордан келген.


Сонымен қатар, мұнай компаниялары өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуге белсенді атсалысуда. «ҚазГерМұнай», «Саутс Ойл», «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» және басқа да компаниялар түрлі әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетіп, қаржылай демеушілік жасап келеді. 

Мерекелік жиында сала қызметкерлері мен ардагерлер марапатталып, оларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.