Қызылорда қаласында «Шіркейлі» каналының тұсында екі көлік соқтығысып, біреуі суға түсіп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқыс оқиға бүгін, 19 шілдеде Қорқыт ата әуежайына баратын тасжол бойындағы «Шіркейлі» каналының тұсында болды. «Toyota Camry» және «Daewoo Nexia» жеңіл автокөліктері соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасынан «Toyota Camry» автокөлігі каналға түсіп кеткен. «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Орын алған жол-көлік оқиғасының себеп-салдары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Әлеуметтік желіде суға құлап кеткен көлік ішінде екі адамның болғаны айтылуда.
