03 шіл, 2025 сағат 10:47

Қызылордада қалдықты қайта өңдейтін цех өртенді


Фото: ТЖМ баспасөз қызметі


Қызылорда қаласының өрт сөндірушілері жоғары дәрежелі шақыртуға барды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.


Өтініш берушінің айтуынша, Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі пластик қалдықтарды қайта өңдеу цехтан өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермей, оны бірнеше минут ішінде оқшаулады.


"Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - дейді Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы Әбділда Баякеев.