20 қар, 2020 сағат 06:43

Қызылордада екі апта бұрын жоғалған азамат Тараздан табылды

Қызылорда облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен 58 жастағы тұрғын аман-есен табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шиелі ауданында тұратын азамат 5 қарашадан бастап хабарсыз еткен. Бұл жөнінде туыстары полицияға хабар берді. 

«Дереу іздестіру жұмыстары басталды. Жоғалған азаматтың суреті еліміздің барлық өңіріне жіберілді. Іздестіру шарасына ауданның еріктілері де атсалысты. Нәтижесінде хабар-ошарсыз кеткен азаматтың Тараз қаласына қарасты Айша бибі ауылында екені анықталды. Жоғалған азаматты Шиелі аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері іздеп тапты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.