Фото: ашық дереккөз
Қызылорда қаласында балалар спортын және шығармашылығын қолдайтын «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ult.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметінше, мониторингтік топ мүшелерінің бірі қызмет бабын пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерден тексеріс нәтижелерін «оң шешіп береміз» деген сылтаумен ақша бопсалаған.
Тергеу нәтижесінде олардың қолына түскен қаражаттың бір бөлігі коттедж бен автокөлік сатып алуға жұмсалғаны анықталды. Сот шешімімен бұл мүлікке тыйым салынды.
Сот үкімі бойынша басты айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді. Оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
