Фото: Кtk.kz
Қызылордада бір топ жасөспірім жігітті ұрып кеткен, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқиға 18 ақпан күні кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше жасөспірім бір жігітке шабуыл жасап, оны соққыға жыққан. Кейін оқиға орнынан бой тасалаған.
Полиция мәліметінше, бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында.
