30 қыр, 2021 сағат 18:40

Қызылордада аударылып қалған жүк көлігіндегі жанармай тұрғын үйлерге қауіп төндірді


Қызылорда қаласында 19 тонна дизельдік жанармай алып келе жатқан жүк көлігінің тіркемесі аударылып қалды. Салдарынан 4 тоннасы төгіліп, сол аумақтағы тұрғын үйлерге өрт қаупін туындатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға облыс орталығындағы Бейбітшілік көшесі бойында болды. 

Сол аумақта жергілікті серіктестіктің біріне тіркелген «КаМАЗ» жүк көлігі аударылып қалған. 

Бұл жөнінде төтенше жағдайлар саласына хабар түскеннен кейін оқиға орнына Өрт сөндiру кызметiнің № 5 өрт сөндiру бөлiмiнің қызметкерлері жұмылдырылған. 

«Барлау жұмысының нәтижесiнде жүк көлiгiнiң жүргiзушici баскару жүйесiнe ие бола алмай қалғаны анықталды. Салдарынан жүк көлiгiнiң тiркемесiндeгi 19 тонна дизельдiң 4 тоннасы жерге төгiлген. Төгiлген қатты жанғыш сұйықтықтың үстi құммен жабылды. Өртке ұласу қаупi жоғары болғандықтан жақын үйлердегi тұрғындар кayiпciз орынға шығарылды. Оған қоса өрт сөндiру техникасы оны ауыздықтауға дайын тұрды», - дейді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. 

Бұл жөнінде қалалық полиция басқармасы төмендегіше түсініктеме берді. 

«Жол-көлік оқиғасына байланысты автокөлік жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді. Адам шығыны орын алған жоқ», - деді басқармадан.