14 шіл, 2021 сағат 01:46

Қызылордада аэроғарыш саласындағы кәсіпорын басшысы пара алу күдігіне ілікті


Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аэроғарыш саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуді бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ол Байқоңыр ғарыш айлағы алаңының аумағынан қара металды кедергісіз әкетуге мүмкіндік жасаған. Оның үстінен жалпы сомасы 600 мың теңге пара алу дерегі негізінде қылмыстық істі тергелуде», - деп мәлім етті Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен. 

Ведомство дерегінше, күдіктіге қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды.