11 қаз, 2021 сағат 12:49

Қызылорда облысындағы ауыл мектебінің бу қазандығы жарылды



Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Тасарық ауылындағы мектептің бу қазандығы жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін таңғы 6:00 шамасында ауылдағы №238 мектептің бу қазандығында болды. Апаттық жағдайдан ешкім зардап шекпеген. 

«Оқиға орнына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен орынбасарлары, аудандық білім бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары арнайы келді. Жағдайды қатаң бақылауға алды. Қазіргі таңда апаттық жағдай орын алған жерде арнайы құрылған жұмысшы топ зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Апаттың шығу себептерін анықтауда. Оқушылардың үздіксіз білім алуы үшін мектептің бу қазандығы тез арада қалыпқа келтіріледі», - деді Қазалы ауданы әкімдігінен.