21 қар, 2025 сағат 13:55

Қызылорда облысында мұнай таситын техника жол бойында өртенді


Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


20 қарашада облыстық маңызы бар Қызылорда-Тереңөзек тас жолы бойында мұнай таситын техниканың кабинасынан өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.


"Өрт сөндірушілер келгеннен кейін көлік құралының кабинасы жанып жатқаны анықталды. Жүргізушінің нақтылаған мәліметтері бойынша, өрт шыққан кезде цистерна бос болған. ТЖМ құтқарушылары дереу өртті сөндіруге көбік беріп, өртті толығымен сөндірді", – делінген хабарламада.


Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.