16 шіл, 2021 сағат 14:05

Қызылорда облысында Құрбан айтқа байланысты жаңа қаулы қабылданды


Қызылорда облысында карантин талаптарына байланысты жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Онда құрбан айт мерекесі кезінде өңір тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жағдайы ескерілген. 

Жаңа қаулыда меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үйлер мен мешітте адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны көрсетілген. 

Мал союды ұйымдастыру және өткізуге болмайды. 

«Автокөліктер мен жеке тұрғын үйлерде мал сатуға тыйым салынады. Аталған жұмыстар ветеринариялық қызметтің ресми ветерианриялық-санитариялық қорытындысын алған сою пунктері мен алаңдарда ұйымдастыруға рұқсат етілген. Ал мал сою тек ветеринариялық сертификаты болған жағдайда жабық режимде ттапсырыспен жеткізу үшін келушілерсіз жүргізіледі. Құрбандық шалу онлайн режимде өткізіледі», - деп атап көрсетілген қаулыда. 

Сондай-ақ, облыстың барлық аумағындағы сою пунктерінде күшейтілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына әкімдіктер жанындағы мобилді топтар арқылы мониторинг жүргізіледі.