Фото: Polisia.kz
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қызылордалық полицейлер 163 құқық-бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазалы ауданында Қызылорда облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының рота қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында тоқтатылған Volkswagen автокөлігінен 14 қапқа салынған киік етін анықтап, айғақ зат ретінде тәркіледі. Сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері басталды. Күдіктіге қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция шығарды.
"Жүргізілген рейдтер барысында 6 қылмыстық іс және 157 әкімшілік құқық бұзушылық бар. Сондай-ақ жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) 136 дерегі анықталды.
Заңсыз балық аулаудың (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) -12 , тіркелмеген қаруды сақтаудың (ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы) - 5 дерегі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.