23 жел, 2020 сағат 16:32

Қызылорда облысында бір отбасы мүшесі ысты газға уланып қалды

Қызылорда облысында бір отбасының 4 адамы түтінге уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға бүгін, 23 желтоқсанда сағат 03.56-да болды. Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында тұратын отбасы мүшелері пештің ақауынан тараған көмірқышқыл газына уланған. 

«Олардың үшеуі – ересек адам болса, біреуі – бала. Оқиға орнына құтқарушылармен бірге жедел жәрдем бригадасы да келді. Уланған адамдар аудандық ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.