08 жел, 2020 сағат 17:36

«Қызыл» аймақтағы СҚО-ға өкпені жасанды желдететін 77 аппарат жеткізілді

«Қызыл» аймақта тұрған Солтүстік Қазақстан өңіріне өкпені жасанды желдететін 77 аппарат жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен құжатқа сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысына «Biyovent» өкпені жасанды желдету аппаратының 77 данасы жеткізілген. Сондай-ақ, медицина мамандарының ұсыныстарын ескере отырып, барлық 77 ӨЖЖ аппараты компрессорлармен және ауаны ылғалдандыратын қондырғылармен қосымша жарақтандырылған. 

«Аталған өнім Дәрілік құралдар мемлекеттік тізілімінде тіркелген, сонымен қатар тіркеу куәлігін алған (2020 жылғы 12 қыркүйектегі РК-МТ-5 № 021003). Барлық ӨЖЖ аппаратына кепілдік беріліп, 37 ай бойына сервистік қызмет көрсетіледі», - деп хабарлайды министрліктен. 

Жалпы бүгінге дейін Қазақстанның барлық өңіріне 1 500 дана «Biyovent» ӨЖЖ аппараты жеткізілген.