09 қаң, 2021 сағат 13:15

«Қызыл» аймақтағы Атырау облысында 92 адам коронавирус жұқтырды

«Қызыл» аймақтағы Атырау облысында тағы 92 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған науқастардың арасында Атырау қаласынан 24 адам бар. 

Теңіз кенішінде - 57 жұмысшыдан, Құрманғазы ауданында - 11 адамнан Сovid-19 анықталған. Оның ішінде 14 науқаста қауіпті вирустың симптомдары табылған. 

«Өткен тәулікте 134 адам қауіпті індеттен жазылып шықты. Қазір 240 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 98, ал аудандардағы стационарларда 27, Теңіз кенішіндегі стационарда 803 адам ем қабылдап жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.