09 там, 2016 сағат 11:06

Қытайлық компания Алматы метросының құрылысына қатыспақ

"8 тамызда Қазақстанның ҚХР-дағы елшісі Шахрат Нұрышев «China Gezhouba group international engineering Co Ltd» бас директоры Лю Цзэсянмен кездесті", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында Лю Цзэсян Орталық Азия аумағында компанияның іске асырып жатқан жобалары арасында Қазақстан инвестиция көлемі жағынан жетекші орын алатынын атап өтті. Жақын арада корпорация өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін Қызылорда облысы мен Алматы қаласында ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Қытай кәсіпкері сондай-ақ, Алматы метросының қосымша салаларын салу жобасы Қазақстан мен Қытай арасындағы индустрияландыру және инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, 51 жобаның тізіміне енгізілгенін де атап өтті.

Ш.Нұрышев жобаның сәтті аяқталуына тілектестік білдіріп, аталған жобаларды кеңірек талқылау мақсатында корпорация басшылығын тамыз айында Қазақстанға шақырды. 

«Gezhouba» 1970 жылы құрылған еске саламыз. Компанияның қызметі құрылысы, техникалық қызмет көрсету, ГЭС, жылу электр стансаларында, атом электр стансаларына, жоғары жылдамдықты темір жол, автомобиль жолдары, әуежайлар, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарының жұмысын қамтамасыз ету сынды салаларды қамтиды. 

Қызметкерлердің саны 40 мың адамнан асады. «Gezhouba» компаниясы әлемдегі ең ірі су электр зауыты - «Үш шатқал» ГЭС құрылысының негізгі мердігері болған.

Ұлт порталы