Қытай атынан шығатын қазақ файтері Сайран Нұрданбек UFC-де жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
26 жастағы спортшы Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC Vegas 57 турнирінде өнер көрсетті. Кездесу жартылай жеңіл салмақта өтті. Нұрданбектің қарсыласы 32 жастағы америкалық Ти Джей Браун болды.