28 нау, 2021 сағат 08:33

Қытайды тағы да құмды дауыл басты

Солтүстік-Батыс және Солтүстік-Шығыс Қытайды жексенбіге қараған түні құмды дауыл басып қалды. Бұл туралы Қытайдың Орталық метеорологиялық қызметі мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтардың болжамынша, құмды дауыл жексенбі күні кешке дейін созылады. 

Қытайдың Орталық метеорологиялық қызметі құмды дауылға байланысты қауіптің сары деңгейін жариялады. Құм мен шаңның негізгі бөлігі Қытайдан 29-30 наурыз аралығында елдің солтүстік-шығыс аймағы арқылы кетеді деп күтілуде. 

Бейжің билігі жексенбіде құмды дауылға байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтетінін жария етті. Алдағы уақытта Қытай астанасының тұрғындары көшеде жүру уақытын азайту керек. Қаланың көптеген аудандарындағы жолдардың көрінуі бір шақырымға жетпейді.