Қытайдың Хунань провинциясындағы саябақта құлаған карусель 16 адамды жарақаттады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
13 ақпанда Қытайдың Хунань провинциясы Шаоян округіндегі ауылдық ойын алаңында ірі апат болды. «Биікте ұшу» деп аталатын айналма карусельдің орындықтары арқанынан үзіліп кетіп, жерге құлаған.
Апаттан 16 адам зардап шекті, оның ішінде 3 адам ауыр жарақат алды.
Оқыс оқиғадан кейін ойын алаңы жабылды. Қазір жергілікті полиция апаттың себептерін анықтауға кірісті.